ЖШС «Dicorp» қолданыстағы мемлекеттік рұқсат құжаттардың және сертификаттардың негізінде мынадай іс-шаралар жүргізеді:

Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптама:

  • қауiптi техникалық құрылғыларға;
  • қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын технологияларға, техникалық құрылғыларға, материалдарға;
  • қауiптi өндiрiстiк объектiлердің өндiрiстiк қауiпсiздiк декларациясына;
  • қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өндірістік ғимараттарға, технологиялық құрылыстарға;
  • өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргізуге арналған аттестатты алған кезде ұйымдарға.

Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің өндiрiстiк қауiпсiздiк декларациясын жасау;

Қосымшада көрсетілген объектілерді бақылау мен техникалық диагностика.

Біздің компанияда оқытылған және арнайы даярланған сарапшылар, инженерлер мен дефектоскопия мамандары бар. Сонымен қатар жоғарыда аталған жұмыс түрлерін жүзеге асыруға қажетті барлық құрал-жабдықтар бар. Біздің компаниямыз сізді қызықтырған жұмыс түрлері бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын.